сақтау тәртібі
Ата заң • 22 Тамыз, 2025
Конституцияның түпнұсқасы қайда сақталған
Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына - 30 жыл. Бұл – еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына негіз болған, саяси, әлеуметтік және құқықтық жүйенің тірегі саналатын аса маңызды тарихи құжат. Конституция күні халқымыздың бірлігі мен ел іргесінің беріктігін айшықтайтын мерекелердің бірі. Ата Заңымыздың түпнұсқасы бүгінде Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде сақталған. Осы орайда біз Конституцияның сақталу тәртібі туралы архив директоры Әлия Құсайынқызы Мұстафинамен сұхбаттасқан едік, деп жазады Egemen.kz.