сүйек қисаюы
Медицина • 31 Тамыз, 2021
Шымкенттік дәрігерлер қисайған сүйекке алғаш рет ота жасады
Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының ортопед-травматологтары 14 жастағы қызға күрделі ортопедиялық ота жасады. Ота кезінде медицина мамандары жасөспірімнің қисық өскен шынтақ сүйегін хирургиялық жолмен қайта қалпына келтіріп берді. Балалар дәрігерлері мұндай отаны алғаш рет жасап, оң нәтижеге қол жеткізіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.