театр-музейлерге тегін кіру
Балалар • 05 Маусым, 2025
Театр мен музейлерге кімдер тегін кіре алады
Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты мәдени мекемелерде балалар үшін қолжетімді болудың түрлі жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылған. Соның бірі – 2017 жылдан бері Министрліктің бұйрығымен (Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 142 бұйрығы) республикалық деңгейдегі музейлер мен музей-қорықтарға әр айдың 3-ші жексенбісінде барлық санаттағы азаматтар үшін, каникул күндері мектеп жасындағы балалар үшін кіру тегін. Бұл туралы көпшілік әлі күнге дейін біле бермейді. Осы орайда сала министрлігіне және ҚР Ұлттық музейге сауалдар жолдап, мән-жайды толығырақ білген едік, деп жазады Egemen.kz.