тірек колледждер құрылады
Қазақстан • 19 Сәуір, 2024
Елімізде су саласы мамандарын даярлау желісі кеңейтіледі
4 макроөңірде экономика салалары бойынша, оның ішінде су саласының болашақ мамандарын даярлайтын тірек колледждер құрылады. 2024-2025 жылдары «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану», «Гидротехникалық мелиорация», «Гидротехникалық құрылыс» және тағы басқа мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беруде мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.