түлектердің мамандық таңдауы
Мектеп • 22 Мамыр, 2025
Келешекке қызмет – мектепте мамандық таңдаудан басталады
Көптеген түлектер мамандықты – қызметтің мазмұны қызықтырғаны үшін емес, керісінше белгілі бір өмір салтын ұнатқандықтан, яғни мамандықтың қоғамдағы бедел-танымалдылығы үшін таңдауы мүмкін. Бүгінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру – педагогикалық ғана емес, әлеуметтік мәселе. Әлеуметтік мәселе ретінде кәсіптік бағдар берудің мәні – жастардың өзіндік бейімділігі және өздеріне сәйкес келмейтін мамандықтарға ұмтылыстары арасындағы қайшылықтарды жеңу қажеттілігінде жатыр.