тұжырымдама әзірленеді
Қоғам • 16 Маусым, 2025
Елімізде дәрігерлерді қорғайтын тұжырымдама әзірленеді
Қоғамдық тәртіпті сақтау және қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкерлеріне күш көрсету жағдайларын болдырмауға арналған ортақ тұжырымдаманы – Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп әзірлейді. Тұжырымдама – медициналық мекеменің қауіпсіздік талаптары көрсетілетін медициналық көмектің түрі-деңгейі мен пациенттердің ағынына қарай әзірленетін болады, деп жазады Egemen.kz.