тәлімгер жолы
Қоғам • 19 Қаңтар, 2024
«Жақсылар жақсымын деп айта алмайды, Жамандар жақсымын деп айқайлайды. Жүрген соң бауырында күнде көріп, Таулардың биіктігі байқалмайды», дегендей қызмет барысында жүрген офицерлердің биік болмысын көрмейсің. Тек, құрметті демалысқа шыққан сәтте ғана ондай азаматтардың қадірін түсінеміз. Тау тұлғалы тәлімгерлердің бірі – әскер ардагері запастағы полковник Сабыржан Сүлейменов. Кейіпкеріміз оқырмандарға бұрыннан таныс. Солай десек те, көзі қарақты оқырмандарды оның өмірімен тағы бір мәрте таныстырып өтуді жөн көрдік.