университет
Ғылым • 10 Сәуір, 2025
«Теңізден терең ғылым» деген тақырыпта жүрілген ғылыми іс-шара аясында Shakarim University-де жаңа ғылыми зертхана ашылды. Ғалымдардың айтуынша, бұл – еліміздегі ғылымның жаңа сапалық деңгейге көтерілуі, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 07 Сәуір, 2025
Абай университетінде ғылым апталығының ашылу салтанаты өтті
Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында дәстүрлі ғылым апталығының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 03 Сәуір, 2025
С.Сейфуллин университетінде жылқы ауруын анықтайтын зертхана құрылады
С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы қаржыландыратын және Қытайдың Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Харбин ветеринария ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп жүзеге асырылатын Twinning-жобасын іске асырып жатыр. Жоба Орталық Азия елдері үшін Қазақстанда жылқының инфекциялық анемиясы бойынша референс-зертхана құруды көздейді. Жобаның егжей-тегжейлері Харбин ветеринария ғылыми-зерттеу институтының өкілдерінің қатысуымен Сейфуллин университетінде талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Сәуір, 2025
«Bishimbayev University»: Министрлік мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желіде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Таразда «Bishimbayev University» деген атаумен жеке жоғары оқу орнын ашатыны туралы ақпарат тараған болатын. Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз хатшысы, Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев Facebook парақшасында осы мәліметке орай айтылған министрліктің мәлімдемесі туралы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2025
Қарағандыда университет жатақханасы отқа оранды
Қарағанды қаласындағы Е.А. Бөкетов атындағы университеттің жатақханасында өрт болып, 10 студент ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 02 Сәуір, 2025
Қозыбаев университеті жаңа оқу жылында 200 студент қабылдайды
Солтүстік Қазақстан облысындағы Қозыбаев университеті 2024-2025 оқу жылында «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы аясында 200-ден астам студентті қабылдайды. Бағдарлама еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген жастарға білім алып, кейін солтүстік аймақтарда жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 01 Сәуір, 2025
Назарбаев университеті Жапония Үкіметінің грантын жеңіп алды
Назарбаев университеті мен Hokkaido University ортақ жоба жасап шықты. Ол жаһандық мәселелерді шешу үшін Жапония мен дамушы елдер арасындағы халықаралық ғылыми зерттеулерді қолдауға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дәстүр • 20 Наурыз, 2025
Абай университетінде Наурыз мерекесі тойланды
Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 12 Наурыз, 2025
БҚМУ-да тұрақты даму мақсаттарына негізделген пікірсайыс өтті
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті қызметіне тұрақты даму идеяларын белсенді енгізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 25 Ақпан, 2025
Қазақстанда қытайлық Цзинши институты ашылды
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU университеті) Қазақстан мен Қытай елдері арасында өнеркәсіп пен білім беруді интеграциялау мақсатында халықаралық форум өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
Ғалым-композитор Ағайша Исағұлованың 80 жылдық мерейтойы өтті
Алматыда Қазақ ұлттық мемлекеттік қыздар университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, білім беру ісінің үздігі, әнші, композитор Ағайша Шермұхамбетқызы Исағұлованың 80 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Университет • 05 Ақпан, 2025
Атырау университеті «Ұлттық киім – ұлт айнасы» челленджін жолдады
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінен челленджге ұлттық үлгіде киінген 200-ге жуық оқытушы-профессор және 1 000 студент қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 04 Ақпан, 2025
Педагогикалық университеттер бірлесіп Кәсіби даму орталығын ашты
Қыздар ұлттық педагогикалық университеті мен EdUHK бірлесіп, кәсіби даму орталығын ашты. Жоба Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Гонконг білім университетімен бірлесіп құрылған EdUHK - білім академиясы аясында іске асты. Орталықтың ашылуы ғылым алмасуды тереңдету мен біліктілігі жоғары мамандарды даярлауға негіз болмақ. Жоба аясында STEAM-білім беруді, көшбасшылықты және бағалауды дамытуға ерекше назар аударылатын болады.
Білім • 03 Ақпан, 2025
Алматыдағы қос университетте озық тәжірибе орталықтары ашылды
Бұл іс-шара Гонконг білім академиясының, Абай атындағы ҚазҰПУ мен ҚазҰҚПУ-дың Академиялық ортаны жақсартуға және жаһандық ауқымда тұрақты білім беру практикасын дамытуға бағытталған бастамасы негізінде жүзеге асып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 30 Қаңтар, 2025
Өнер университетіне Күләш Байсейітованың есімі берілді
Қазақ ұлттық өнер университетіне аты аңызға айналған опера әншісі Күләш Байсейітованың есімі ресми түрде берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 30 Қаңтар, 2025
Алматыда «Абай жолы» роман-эпопеясына арналған ашық сабақ өтті
Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінің ашық сабағына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2024
Жәңгір хан университетінің оқытушылары үздік шықты
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің үш мұғалімі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2024» республикалық байқауында жеңімпаз атанды.
Оқиға • 27 Желтоқсан, 2024
Саясат Нұрбек Abai University-де кездесу өткізді
26 желтоқсан күні «Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек арнайы келді. Министр Абай университетінде білім алушы жастарымен, оқытушы-профессор құрамымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 26 Желтоқсан, 2024
Аграрлық университетте ауылшаруашылығы дрондарын зерттеу орталығы ашылды
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Қазақстан Қытай ауылшаруашылығы дрондарын зерттеу және оқыту орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына ҚХР Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй ханым, ҚХР ғылым және технологиялар бойынша консулы Жанг Вэй, EAVISION компаниясының директоры Цзай Хой қатысты.
Университет • 10 Желтоқсан, 2024
АBAI UNIVERSITY: Лотарингия университетінің филиалы ашылды
Абай атындағы ҚазҰПУ-де Лотарингия университетінің (Франция) филиалы ашылды. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр. Бұл жобаға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдау көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 09 Желтоқсан, 2024
Елордада «Astana Piano Passion» жас пианистер байқауы басталды
Астанада 2024 жылғы 9-13 желтоқсан аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақ ұлттық өнер университеті ұйымдастырған «Astana Piano Passion» II Республикалық жас пианистер байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форум • 05 Желтоқсан, 2024
XII халықаралық Бірімжанов съезі өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да химия және химиялық технология бойынша XII Халықаралық Бірімжанов съезі өтті.
Білім • 29 Қараша, 2024
Сәтбаев университетінде іргетас капсуласы салынды
Сәтбаев университетінде оқу ордасының 90 жылдық мерейтойына орайластырып, жаңа студенттер жатақханасы құрылысының басталуына орай болашақ ұрпаққа жолдау жазылған іргетас капсуласы салтанатты түрде салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
Қыздар университетінде жаңа оқу ғимараты мен зертханалар ашылды
Қыздар университетінің 80 жылдық мерейтойы аясында жаңа оқу ғимараты пайдалануға беріліп, пәнаралық ғылыми зертханалардың ашылу рәсімі өтті. Сонымен қатар шетелдік оқу орындарымен ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылды.
Университет • 20 Қараша, 2024
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 80 жылдық мерейтойын атап өтті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Балуан Шолақ мәдениет және спорт сарайында өткен салтанатты іс-шарада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйлеп, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын ғылымға қосқан үлесі үшін марапаттады.
Ғылым • 12 Қараша, 2024
Сәтбаев университетінде экожүйе орталығы ашылды
Сәтбаев университетінде MIT FabLab орталығы – прототип жасауға арналған экожүйе ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 01 Қараша, 2024
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары білім беру мәселелеріне арналған QS Higher Education: Asia Pacific 2024 пре-саммиті өтті. Халықаралық шара QS Азия-Тынық мұхиты саммитінің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Білім • 24 Қазан, 2024
Қазақстанда Гази университетінің филиалы ашылады
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркия Жоғары білім кеңесінің президенті Эрол Озвармен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 22 Қазан, 2024
Мирас және Сеул Кибер университеттері меморандумға қол қойды
Корея Республикасы делегациясының Шымкентке ресми сапары барысында Мирас университеті мен Сеул Кибер университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 18 Қазан, 2024
Қазақстанда шетелдік университеттердің 23 филиалы ашылды - Тамара Дүйсенова
Астанада өтіп жатқан «Connected-2024» халықаралық конференциясында Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова елімізде 23 шетелдік жоғары оқу орнының филиалдары ашылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.