шамадан тыс экологиялық ластану проблемалары
Сенат • 07 Наурыз, 2024
Қазақстанның экологиялық тиімділік көрсеткіші әлсіреді – сенатор
Елдегі өзекті экологиялық мәселелерді қозғаған сенатор Советбек Медебаев Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, ауаның, судың, топырақтың шамадан тыс ластану проблемаларын назарға алуды сұрады. Оның айтуынша, Қазақстан кейінгі жылдары 180 елдің арасында экологиялық тиімділік рейтингінде 93-інші орынға түсіп, Намибия, Габон, Зимбабве сияқты елдердің де артында қалған, ал жасыл желекке бөленген елдер рейтингісі бойынша 78 елдің ішінде 72-нші орында тұр. Бұл туралы Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.