шежіре
Елорда • 15 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік күні: Астанада «Шаһар шежіресі» атты көрме ұйымдастырылды
Елордада Тәуелсіздік күні мен Астана қаласының 25 жылдығына арналған «Шаһар шежіресі» атты көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республика күні • 25 Қазан, 2023
Сарғайған газет шежіресі: «Ерекше маңызды құжат»
Еліміздің азаттығы туралы әңгімелер айтылып жатқан кезеңде «Социалистік Қазақстан» газетінде тәуелсіздік декларациясына қатысты мақалалар жарияланды. Сол кезде депутаттардан ғана емес, жалпы жұрттан түскен пікірлер мен ескертулерді Декларация жобасына енгізу жөніндегі арнайы құрылған комиссия бір аптадан астам уақыт жұмыс істеген, аталған комиссияның төрағасы болған депутат Салық Зимановтың «Ерекше маңызды құжат» мақаласы «Социалистік Қазақстанның» 1990 жылғы 28 қазандағы нөмірінде жарық көрді, көлемділеу мақаланы ықшамдап ұсындық.
Өнер • 17 Қазан, 2023
Сүгірдің өзі сүйсініп, өнеріне тәнті болған күйші Жаулыбай Иманәлиев неге елеусіз қалды?
Шертпе күйдің шебері, журналист, өнер зерттеушісі Жаулыбай Иманәлиевтің жасы 81-де. Алматыда жалғызілік, күтушінің қолына қарап қоңыртөбел ғұмыр кешіп жатыр. Бұл кісінің тағдыры сан сілемде тарамдалып жатыр. Ол қазақтың дәулескер күйшісі Сүгір Әліұлының көзін көріп, алдында күй тарту құрметіне ие болып, әйгілі күйшінің ықыласына кенелген жан. Бүгінде таным өрісі қазынаға толы қарияның қос жанары көлденең келген суқараңғы кеселінен көрмейді.
Президент • 17 Маусым, 2023
Еліміздің шынайы шежіресі толығымен жазылуы қажет - Мемлекет басшысы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында төл шежірені дәріптеуге айрықша мән берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тарих • 13 Қыркүйек, 2021
Егемендік еңселеген ескерткіштер
Ұлы даланың бай шежіресін ақтарғанда қазақ баласы аңсаған егемендіктің бастауында сонау ғұн мен сақ дәуірінен бастап, тіпті одан да арғы кәрі тарих кәдеге жарайды. Алаш азаттығының анық басында түбі бір түркі әлеміне аты мәшһүр алыптар шоғыры тұрғаны анық. Еңселі елдің егемен рухы оның топырағында дүниеге келіп, тағдыр айдауымен қиыр кеткен, сөйте жүріп әлемді өзіне бай ғылымымен, жауынгерлік хас шеберлігімен қарата білген кесек кемелдермен тамырлас. Тарихты тауанды тұлғалар жасайды десек, қазақ жүріп өткен сан тарау жолдың түп бастауында ұлы сахарада дүниеге келген аңыз алыптарымыздың тұрғанын көреміз. Біз бүгін сондай, сүйегі жат топырақта қалса да, сүбелі сөзі қазақ еншісіне жазылған жақсыларымызды еске алып жадымызды жаңғыртқымыз келеді.