шынығу
Денсаулық • 02 Қараша, 2023
Дәрігер кеңесі: Ағзаны суыққа дайындап үлгеріңіз
Қылышын сүйретіп келетін қыстың аязы бетті қарыса да, тоңдырса да жанның жылулығын сақтайды. Бұл – мезгілдің адамға әсері. Десе де қыстың қақаған аязына ағзаны дұрыс дайындаған абзал. Бұл дайындықты күз мезгілінің басынан-ақ бастаған жөн. Себебі, ауру айтып келмейді, оның алдын алу дұрысырақ. Осыған орай Egemen.kz тілшісі ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жоғары санатты әдіскер-дәрігері Гүлнар Тұрдыновамен кеңесіп көрді.