ілеспе
Қоғам • 15 Наурыз, 2023
Қазақстанда тауарға ілеспе құжаттың күші жойылды
ҚР Әділет министрлігінде Қазақстандағы тауарларға ілеспе құжаттың күшін жою туралы бұйрық тіркелді. Бұйрық 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді. Енді сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (СЭҚ ТН) 3,5 мың кодына СНТ және виртуалды қойманы қолдану жойылады. Он күннен кейін қазақстандық мыңдаған бухгалтер мен шағын және орта бизнес өкілдері тауарға ілеспе құжатты рәсімдеуден босатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 08 Маусым, 2020
Ілеспе аудармашылар сертификат алды
Өткен апта соңында Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында қазақ тілінен ағылшын, ағылшын тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жүргізуді үйрету курсын өткізді.