Ғазиз Әбішев
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023
Реформа Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдердің санын арттырады - Ғазиз Әбішев
Президент Нью-Йорк қаласына сапарында БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында өткен Жалпы дебатқа қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде халықаралық құқықтық құжаттардың тәртібін сақтамау, тоқтатып қою және оны тәрк ету тәжірибесі өте алаңдатарлық жағдай екенін айтты. Бұл ретте ядролық қарудан бас тартудан бастап халықаралық қылмыстық сот төрелігіне дейінгі құжаттар туралы сөз етуге болады. Бұл дамушы державалар үшін ғана емес, батыс әлемінің көшбасшылары үшін де алаңдатарлық жағдай.