Ғылыми зерттеу
Ғылым • 11 Сәуір, 2025
Ғылым нәтижелерін практикалық салаға енгізу ескерілсе - жас ғалым
Елімізде ғылым әлеуетін әлдендіру - дәуіріміздің басты бәйгесі. Ғылымы өркендеген мемлекеттің бүгіні мен болашақ тағдыры жарқын болатынын әркім-ақ түйсінеді. Мұндағы негізгі қадам – нақты әрекет. Ал әрекет тұлғаның өзінен басталады. Осы қағиданы өмір салтына айналдырған жас ғалымдар тобының жемісті нәтижелері әр тараптан сүйіншілей естіліп жатады. Солардың бірі Қазақстан үшін стратегиялық маңызды сала металлургиядағы ғылымды серік еткен – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, «Металлургия және тау-кен ісі кафедрасының» аға оқытушысы Асылбек Әбдірашит. Асылбек металлургия саласына инновациялық технологияларды енгізу, нақты өндірістік және экологиялық мәселелерді шешу арқылы импортқа тәуелділікті азайту үшін тер төгіп жүр. Жас ғалым өзі таңдаған жол - өнеркәсіпті жаңғырту және отандық технологияларды дамытуға бастайтынына сенімді, деп жазады Egemen.kz.
Елбасы • 10 Қыркүйек, 2020
Елбасы "Астана Бас жоспары" ғылыми-зерттеу жобалық институтына барды
Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.