ғылыми белсенділік
Қазақстан • Бүгін, 17:04
SCImago рейтингі: Қазақстан Орталық Азиядағы ғылыми көшбасшыға айналды
Қазақстан халықаралық ғылыми белсенділік өлшемінде өңірдегі жетекші орнын тағы да айқындады. SCImago Research Group жариялайтын SCImago Country Rank рейтингінде еліміз Орталық Азия мемлекеттері арасында бірінші орынға шықты. 1996-2024 жылдар аралығындағы жиынтық дерек бойынша Қазақстан әлемдік тізімде 69-орынға тұрақтаса, 2024 жылдың қорытындысында 64-орынға жоғарылады. Бұл – ұлттық ғылымның жүйелі дамуы мен жарияланым белсенділігінің артқанын білдіреді, деп жазады Egemen.kz.