ғылым және білім беру туралы заң мақұлданды
Сенат • 18 Сәуір, 2024
Сенаторлар ғылым және білім беру туралы заңды мақұлдады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қаралып, мақұлданды. Жаңа нормалар ғалымдардың әлеуметтік кепілдіктерін жақсартуға және ғылымда қаржы ресурстарын пайдалануды оңтайландыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.