Қазақ тілді БАҚ
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
Тіл – адамдар арасындағы байланыс құралы ғана емес, ұлтты ұлт ретінде айқындайтын негізгі ұстындардың бірі һәм бірегейі. Ұлттық ерекшелігіміздің, мәдениетіміздің, тарихымыздың және салт-дәстүріміздің ажырамас бір бөлігі. Сондықтан мемлекеттік тілдің дамуына және оның барлық салаларда басымдықпен қолданылуына қоғамның назарын аудару өте маңызды.