Қазақ тілінің цифрлық дамуы
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
«Жасанды интеллект»: Қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі даму мәселесі талқыланды
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жұмысымен танысты. Осы күнге дейін 170 мыңға жуық қолданушы «Тіл құрал» (5 деңгейлі жүйе) мен «Бала тілі» (9 жасқа дейінгі балаларға арналған) секілді тілдік онлайн платформалар арқылы оқыған. 400 мыңға жуық термин топтастырылған «Termincom.kz» платформасы да таныстырылды. Аталған портал терминдерді жүйелеу базасы міндетін атқарады. Бұл жұмысқа тиісті салалық мамандар тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.