Қаржылық тұрақтылық
Экономика • Бүгін, 15:49
Қаржылық тұрақтылыққа бастар қарапайым қағида қандай?
Қаржылық әл-ауқатты арттыру күрделі инвестициялық құралдардан емес, қарапайым тәртіптен басталуы мүмкін. Экономист Руслан Сұлтанов табыстың кемінде 10 пайызын алдымен өзіңізге бөліп отыру қағидасын ұсынады. Бұл ұстаным ежелгі Вавилон дәуіріндегі бай саудагер Аркадтың сөзімен сабақтас. «Тапқан табысыңның бір бөлігі саған тиесілі, оны өзің үшін сақтауға міндеттісің» деген қағида бүгін де өзекті, деп жазады Egemen.kz.