Қаржы реттеушісі
Қаржы • 08 Сәуір, 2021
Қаржы реттеушісі микроқаржылық қызметті лицензиялау қорытындысын шығарды
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда микроқаржылық қызметті лицензиялау іске қосылды. МҚҰ нарығын реттеу банктік емес сектордағы тәуекелдерді азайту, оның ашықтығын арттыру үшін және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін енгізілген болатын. 2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне микроқаржылық қызметті жүргізуге лицензия беру туралы өтінішпен 1 024 компания жүгінді, деп жазады Egemen.kz.