Қарсақпай тоғаны
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Ұлытау облысында жағдай бақылауға алынды
Қазіргі уақытта Қарсақбай кентіндегі судың деңгейі қалыпты. Десе де өңірдегі ахуалды өз деңгейінде ұстап тұру үшін штаб кезекшілігі үздіксіз жұмыс істеп тұр. Бұл ретте Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлы тарапынан ахуалды қатаң бақылауда ұстаудан бөлек, халықты алдын ала хабардар етіп отыру жұмыстары тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімдігіне сілтеме жасап.