Қоныс аудару жәрмеңкесі
Еңбек • 09 Сәуір, 2025
10 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды
Түркістан облысында «Қоныс аудару» бағдарламасы кең көлемде жүзеге асырылып келеді. Жаңа өңір – жаңа тыныс, жаңа кәсіп пен тұрақтылықтың кепілі болып саналатын бағдарлама аясында Жетісай мен Мақтаарал аудандарында жәрмеңке өтті. Оған ШҚО, Павлодар, Абай, Ұлытау, Қостанай, СҚО, Қарағанды облыстарынан арнайы келген делегация қатысып, 10 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.