Құлымбетов
Руханият • 16 Ақпан, 2021
Қазаққа қамқор болған Құлымбетов
«Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың жазықсыз жазаланғандарды толық ақтау ісін жалғастыру керектігін күн тәртібіне қоюы ерлік пен көрегендік» деп жазды Ханкелді Әбжанов «Қуғын-сүргін және күн тәртібі» деген («Egemen Qazaqstan», 13 қаңтар, 2021 жыл) мақаласында. Қасым Жомарт Тоқаевтың Президент болғанына екі-ақ жыл. Қоғамдағы, мемлекеттегі қордаланып, шешімін таппай жатқан жүздеген проблеманы көтеріп, шешуге, халықтың үнін еститін, демократиясы дамыған мемлекет құруға ұмтылуы, әлеуметтік жағдайға көңіл бөліп, нақты істерді қолға алуы қоғам тарапынан оң бағаланды.