Құқықтық кеңес беру
Қазақстан • 20 Тамыз, 2020
"Құқықтық кеңес беру" жедел желісі іске қосылды
Интернетте жеке мәліметтерді қалай қауіпсіз қолдануға болады? Интернет алаяқтықтың құрбаны болмау үшін нені білу керек? Әлеуметтік желі арқылы жасалатын қоқан-лоққыдан сақтанудың жолдары қандай? Желіде заңсыз әрекетке тап болсаңыз, қайда және кімнің көмегіне жүгіну керек? Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының" мемлекеттік гранты аясында аталған мәселелер бойынша құқықтық және психологиялық көмек көрсететін жедел желіні іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz