қазақстандық жауынгер
Тарих • 24 Шілде, 2023
Ресейдің Смоленск облысында қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Бұл туралы хабар БҚО Ақсай қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында жарияланған. Ресейдің Смоленск облысында бейіттен сүйектер шығару жұмыстары барысында Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан 1902 жылы туған Урнасай Мирасовтың сүйегі анықталды. Қазақстанда туған жауынгердің жеке заттарын табыстау үшін туыстары іздестірілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Мамыр, 2021
Қазақстандық жауынгердің сүйегі Отанға Молдовадан жеткізілді
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Молдова аумағындағы Кокочены хуторы (қазіргі Войнеску) үшін фашистік басқыншылармен болған қиян-кескі шайқастарда 1944 жылы қаза тапқан қазақстандық жауынгер Иван Чередниктің сүйегі мен жауынгерлік наградаларын Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдеріне ресми түрде табыс етті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.