қаржылық сауат
Оқиға • 16 Сәуір, 2024
Алаяқтар су тасқыны жағдайын азаматтарды алдау үшін пайдалана бастады
«Жеке сәйкестендіру нөміріңізді теріп төлемдердің бар-жоғын тексеріңіз», «Сілтемені басып, 3 млн теңгеге дейін өтемақы алыңыз,», «Мемлекеттен тезірек жәрдемақы алыңыз». Қаскүнемдер әлеуметтік желілерде осындай сынды жалған ақпарат орналастырып, ел азаматтырының дербес деректерін ұрлай бастады. Алаяқтықтың бұл түрі кеше-бүгін пайда болған жоқ, алайда кейбір азаматтар алаяқтардың айла-шарғыларының құрбаны болып жатады. Fingramota.kz негізгі қауіпсіздік шараларын еске салады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 25 Желтоқсан, 2023
Артық ақша төлемеу үшін несие алғанда нені ескеру керек? Сарапшы пікірі
2019 жылы Президенттің пәрменімен 507 мың адамның несиесі кешірілген. Былтыр 30 желтоқсан күні белгілі критерийлер бойынша азаматтарды банкрот деп тану туралы заңды мемлекет басшысы мақұлдады. Мұндай шаралар тұтынушылардың төлем қабілетінің төмендеуі сынды мәжбүрліктен туып тұр. Мемлекеттік деңгейде мәселе көтеріліп, шара қабылданып жатқанымен, кәсіптен тапқан нәсібін ай сайын несие жабуға жұмсайтындар саны азаймай тұр. Биыл бұл көрсеткіш Ұлттық банктің сәуір айындағы есебі бойынша 15 триллион теңгеге жеткен. Бұл елдегі 7 939 000 адамның банкке берешегі. Бірі несиені дер кезінде өтесе, бірі қарызынан құтыла алмай «құрықталып жатыр». Соңғыларының несие шырмауынан шыға алмауы түбі түрлі әлеуметтік шиеленіске соқтырады. Ендігі жерде үкімет несие беру тәртібін қайта қарамақ.