құңдылықтар
Сұхбат • 22 Қазан, 2024
Өз құндылықтарымыз да жеткілікті - Қуаныш Сұлтанов
1990 жылы 25 қазан күні ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Қаулысымен Қазақ КСР мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. 5 жылдан кейін 18 қазанда ҚР Президенті Жарлығымен декларация қабылданған күн – Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі - Республика күні, деп жарияланды. 2009 жылдың 22 сәуірінен бастап белгілі себептермен ұлттық мереке тізбесінен алынып тасталды. 13 жылдан кейін, яғни, 2022 жылдың 29 қыркүйегінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Республика күні» мерекесіне Ұлттық мереке мәртебесін қайтарды. Еліміз үшін ең маңызды мереке қарсаңында, сол жылдары осынау ұлы істің басы-қасында болған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, саяси ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Академиясының академигі Қуаныш Сұлтановпен сұхбаттасқан едік.
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
Ұлттық құндылықтар бойынша жұмыстарды жүйелейтін комиссия құру ұсынылды
Үкімет басшысының атына ұлттық құндылықтарды ілгерілету мәселелері туралы депутаттық сауал жолдаған сенатор Сәкен Арубаевтың пікірінше, қазіргі отандастарымыз тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен одан әрі дамуына елеулі үлес қосқан батырлар мен тұлғалардың өмір тарихынан бейхабар. Себебі, тәуелсіздік жылдарында аталған бағытта нәтижелі мемлекеттік бағдарлама мен кешенді даму жоспары қабылданбаған, деп жазады Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.