Үкімет атына бірқатар нақты сауалдар жолдады
Қоғам • 26 Сәуір, 2024
Жол бойын көгалдандыру мәселесі тиісті деңгейде шешілмей отыр - сенатор
Сенатор Нұртөре Жүсіп ҚР Премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында жол бойындағы жасыл желектің аздығы туралы мәселе көтерді. Сенатордың айтуынша, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының желісі 25 мың шақырымды құрайды. Алайда, оның 6,3 мың шақырымы ғана жасыл желекпен қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.