үш азамат
Оқиға • Бүгін, 17:20
Бекет атаға бара жатқан жолда жоғалған үш азамат аман-есен табылды
Маңғыстау облысында Бекет ата жерасты мешітіне бет алып, кейін жоғалып кеткен үш азамат аман-есен табылды. Олар мінген көлік Қыдырша ата аумағынан шамамен 35 шақырым жердегі жетуі қиын аймақта анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол талғамайтын көлік батпақты жерге батып қалып, жолаушылар әрі қарай жүре алмай, байланысқа шығу мүмкіндігінен айырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.