Ұзынкөл қойма суы төмендеді
Үкімет • 07 Сәуір, 2024
Ұзынкөл қоймасының су деңгейі төмендеп келеді
Вице-премьер Нұрлан Байбазаров Батыс Қазақстан облысындағы су басқан және су басу қаупі бар аумақтарға, сондай-ақ Орал қаласы маңындағы саяжайларға барды. Вице-премьер өңірдегі негізгі су арнасы – Жайық өзенінде су тасқынының алдын алу жұмыстарының барысымен танысты. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты өзен жағасы құм салынған қаптармен нығайтылып, ауыр техникалар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.