Ұлттық киім киетіндер көбейген
Қоғам • 18 Наурыз, 2024
Ұлттық киім киетін қазақтар саны күннен-күнге артып келеді
2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан аумағында ұлттық киімнің сән-салтанатына арналып, қазақ мәдениетін насихаттауға бағытталған «Ұлттық сезім» флешмобы өткізіліп келеді. Аталған бастаманы көтерген YPO Kazakhstan төрағасы Қанат Көпбаев. Осы күні бірқатар ұйымның қызметкерлері, студенттер мен оқушылар заманауи стильдегі ұлттық костюмдер киіп, дәстүрлі аксессуарлар тағады, деп хабарлайды Egemen.kz ultsport.kz баспасөз қызметіне сілтеме жасап.