Ұлттық құңдылықтар
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
Ұлттық құндылықтар бойынша жұмыстарды жүйелейтін комиссия құру ұсынылды
Үкімет басшысының атына ұлттық құндылықтарды ілгерілету мәселелері туралы депутаттық сауал жолдаған сенатор Сәкен Арубаевтың пікірінше, қазіргі отандастарымыз тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен одан әрі дамуына елеулі үлес қосқан батырлар мен тұлғалардың өмір тарихынан бейхабар. Себебі, тәуелсіздік жылдарында аталған бағытта нәтижелі мемлекеттік бағдарлама мен кешенді даму жоспары қабылданбаған, деп жазады Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.