ұлттық зерттеу
Қоғам • 03 Мамыр, 2024
Еңбекке қабілетті мүгедектігі бар азаматтардың 36%-ы ғана жұмыспен қамтылған
Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің кезекті отырысы мүгедектігі бар адамдарды медициналық, еңбек және әлеуметтік оңалту мәселелеріне арналды. Іс-шара барысында сенаторлар мемлекеттік органдардың және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен бірге аталған санаттағы азаматтарды қолдауға арналған ұсынымдар топтамасын әзірледі. Сондай-ақ оларды әрі қарай іске асыру мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.