ұлт өкілдері
Қоғам • 29 Ақпан, 2024
Елімізде көктемнің алғашқы күнінде көктем мезгіліндегі айтулы мерекелердің бірі Алғыс айту мерекесі тойланады. Бұл мереке, мейірімділіктің бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласының жарқын символы. Ел бірлігін нығайтқан бұл мерекенің басты мақсаты ел аумағында тұратын 130-дан астам ұлт өкілдерін жақындастырып, бір-біріне деген құрметін арттыру. Еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне өз қонақжайлығын танытып қиын қыстау кезеңде иық тіреп сүйеу болған қазақ халқының интернационалдылығы көпке үлгі десек те артық етпес, деп жазады Egemen.kz.