Әділет департаменті
Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2022
Тәуелсіздік – терең ұғым. Еліміз үшін ерекше күн – 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заң қабылдап, бүкіл әлемге тәуелсіздігімізді жариялады. Міне, биыл еліміздің тәуелсіздігінің 31 жылдығын үлкен саяси өрлеу үстінде қарсы алып отырмыз. Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылатын бұл күннің мәні де, маңызы да ерекше. Осы айтулы мерекені Астана қаласы Әділет департаментінің ұжымы да лайықты қарсы алып отыр.