Әкімшілік-аумақтық құрылыс
Заң • Бүгін, 17:57
Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заң қандай мәселелерді реттейді?
Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Конституциялық заң қабылданды. Аталған заң елді басқарудың құқықтық тетіктерін түбегейлі жаңартуға бағытталған. Бұл құжат әкімшілік құрылымның мәртебесін конституциялық реттеу деңгейінде бекітеді, аумақтық ұйымның құқықтық қорғалуы мен тұрақтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.