Өзбекстан Президентімен сөйлесті
Президент • 24 Шілде, 2024
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.