өнеркәсіптік кәсіпорындарға барды
Үкімет • 24 Ақпан, 2024
Олжас Бектенов кәсіпкерлерді қолдау шараларын күшейтуді тапсырды
Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарға барды. Қазіргі уақытта Үкімет отандық өндірушілерді толық қуатына шығару үшін қажетті жағдайлар жасауға күш салып жатыр. Бұл отандық өндірістің дамуына елеулі серпін беріп, импорттың үлесін төмендетеді, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.