11 жолдама
Спорт • 01 Сәуір, 2024
Париж Паралимпиадасы: Қоржынға 11 жолдама түсті
28 тамыз – 8 қыркүйек аралығында Франция астанасы Париж қаласында 23 спорт түрінен XVII Паралимпия ойындары өтеді. Оған Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 9 түрінен (пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, отырып ойнайтын волейбол, пара нысана көздеу) қатысады деп жоспарланған. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.