13 мың бала
Білім • 17 Шілде, 2025
Жетісуда бірінші сыныпқа 13 мыңға жуық бала қабылданады
Жетісу облысында 2025-2026 оқу жылына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытқа дейін ата-аналардан балаларын бірінші сыныпқа қабылдау үшін 9717 өтініш түскен. Бұл — өңір бойынша жаңа оқу жылы қарсаңындағы үлкен белсенділікті байқатады, деп хабарлайды Egemen.kz.