15 пәтер
Елорда • 18 Наурыз, 2024
Елордалық құтқарушыларға пәтер кілті табысталды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен азаматтық қорғау жүйесінің әскери қызметшілерін, өрт сөндірушілерін, құтқарушыларын әлеуметтік қорғауды жақсарту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Елорда әкімдігінде салтанатты жағдайда Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, қала әкімі Жеңіс Қасымбек елордалық құтқарушыларға он бес қызметтік пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.