160 000 доллар
Елорда • 16 Қаңтар, 2024
Әуежай арқылы 160 мың долларды алып өтпек болған жолаушы анықталды
Астана халықаралық әуежайының Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұшу алдындағы тексеру жұмыстары барысында 160 000 АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты шетелге алып өтпек болған жолаушыны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.