175 жылдық
Руханият • 09 Тамыз, 2020
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қалай атап өтіледі?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдығында арналған "Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында: "Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек", дейді Президент. Бұл туралы МСМ баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz