3 391 жеке тұрғын үй су астында қалды
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
ТЖМ: 63 927 адам эвакуацияланды
Осы уақытқа дейін Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 391 жеке тұрғын үй, 1059 саяжай үйі, түрлі мақсаттағы 79 ғимарат су астында қалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою Департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ сайтына сілтеме жасап.