350-ден астам оттегі концентраторы
Елорда • 20 Шілде, 2020
Елорданың медицина мекемелеріне COVID-19-ды емдеуге арналған жабдықтар келіп түсті
Елорда ауруханалары мен емханаларына коронавирус пен пневмонияны емдеу үшін қосымша медициналық жабдықтар түсті. Соның ішінде 150 флуометр, 350-ден астам оттегі концентраторы, таяу күндері өкпені жасанды желдетуге арналған 50 аппарат келіп түседі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.