4-санат
Қоғам • 08 Мамыр, 2025
«Жедел жәрдем» қызметі жүйелене ме
Денсаулық сақтау министрлігі жедел медициналық қызметті ұзақ күтуге қатысты шағымдардың көбейгенін ескеріп, оның жұмысын жүйелеу үшін өзгерістер енгізді. 1 мамырдан күшіне енген жұмыс тәртібіне сай емханалардың жанындағы мобильдік бригадалар 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал 4-санаттағы шақыртуға мамандар 60 минут ішінде жетуі тиіс. Жеделдіктің 4-санатындағы шақырту дегеніміз не? Бұл санатқа қандай науқастар жатады? Салалық министрлік редакция жолдаған сауалдарға ресми жауап берді, деп жазады Egemen.kz.