54 мемлекет
Қазақстан • 04 Мамыр, 2021
Қазақстанда 54 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз кіруді тоқтату мерзімі ұзартылды
Елімізде коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі әлемнің 54 елінің азаматтары үшін біржақты визасыз режимнің қолданылуының уақытша тоқталу мерзімін 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.