580 мың гектардан астам жер
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
Су үнемдеудің жаңа тетіктері әзірленді
Мемлекет басшысының жыл сайын 150 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Су ресурстары және ирригация министрлігі шаруаларды заманауи суару жүйелеріне көшуге ынталандыру тетіктерін әзірледі. Сала министрлігі фермерлерге су үнемдеу технологияларын сатып алу-орнату бойынша және инфрақұрылым тарту кезінде ұңғыма бұрғылауға жұмсалған шығындардың өтемақы мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты, деп жазады Egemen.kz.