700 әскери атсалысып жүр
Қоғам • 13 Сәуір, 2024
Апатпен күрес: Солтүстік Қазақстан облысында 700-ден астам әскери қызметші атсалысып жатыр
Өңірде су деңгейі күрт көтерілуінен Есіл өзенінің «Хромзавод» шағын ауданы маңындағы бөгетті тасқын су шайып кетіп, 114 тұрғын үй су астында қалды. Қазіргі уақытта Қарулы күштердің әскери қызметшілері Төтенше жағдайлар және полиция департаменттері мамандарымен бірлесіп, Петропавл қаласы маңындағы былғары зауыты ауданында эвакуациялық жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.