830 мың теңге
Елорда • 24 Тамыз, 2020
"Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі" медалінің иегерлеріне 830 мың теңгеден төленеді
Биыл елордалық мұғалімдер алғаш рет "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі" медалімен марапатталады. Медаль иелеріне 830 мың теңгеден (300 АЕК) төленеді. Бұл туралы онлайн өткен "Тамыз" кеңесінде елорда әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.